Депутат назарында

Өткен жұмада облыстық мәслихаттың депутаты, кен өндіру, металлургия өнеркәсібі еңбеккерлерінің «Кәсіп Қазақмыс» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төреқожа Тілемісов сайлаушыларын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға депутаттың көмекшісі Қабжан Досмақов, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Қазиев, қала әкімінің экономика жөніндегі орынбасары Сұлтан Нарботаев қатысып, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді. Түскен арыз-шағымдардың көбі жұмысқа орналастыру турасында. Өз мамандығы бойынша жұмыс іздеушілерге, материалдық көмек сұраушыларға қажетті құжаттарды дайындап, өтініш жазу керектігін түсіндірген депутат оларға кезек тәртібімен жауап беретіндігін жеткізді. ПИК жұмысына көңілі толмайтын тұрғындардың өтініші бойынша тиісті жерлерге қатынас хат жолданатын болды.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ.

Комментарии закрыты.