«Сәтбаев – қаламгер»

«Денсаулық» колледжінде осындай тақырыппен дөңгелек үстел өтті.  «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бұл шараға колледждің жастар ісі комитетінің мүшелері ұйытқы болды.

Дөңгелек үстел барысында тұңғыш академик, ғылыми зерттеуші және ғылыми кадрларды тәрбиелеуші, Қазақстан ғылымының ұйымдастырушысы, ірі тұлға – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірбаяны, білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, мақалары оқылды, бейнежазбалар көрсетілді.
Дөңгелек үстел соңында студенттер өз ойларымен бөлісті. Колледж әкімшілігі тарапынан іс-шараға ат салысқан студенттердің шығармалары мен шеберліктеріне баға берілді.

К.Кульджашбаева.
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы.

Комментарии закрыты.