Юрмаладан жүлделі оралды

Кеше, қаламызбен іргелес жатқан Жезді кентінен жылы хабар жетті. Кенттегі Мәдени-сауықтыру орталығының аға жаттықтырушысы Д.Әлімбаев тәрбиелеп жүрген екі жас дзюдошы, байрақты бәсекеден жеңіспен оралыпты.

Латыш Республикасының Юрмала қаласында Дзюдо күресінен өткен Халықаралық турнирге екі бірдей спортшы жолдама алған екен. Он екі мемлекеттен мыңнан аса жас балуандар қатысқан осынау байрақты бәсекеде жерлестеріміз аудан, облыс қана емес, тұтас еліміздің намысын абыроймен қорғап келді. Мәселен, Әлішер Медеуұлы 35 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды жеңіп алса, екінші балуанымыз Нұрхан Қуатбек 29 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынның тұғырына көтерілді.

Екі спортшы да Эстонияда өтетін Халықаралық турнирге жолдама алып, ел мерейін үстем етті. Олардың алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне береріне сенеміз.

Аманкелді Ақшал.

Комментарии закрыты.