Өнер өрендері «Алатау шыңын» бағындырды

Өткен аптада, Жезқазған қаласында «Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсына өнерлі өрендерді іріктеу туры болып өтті. Оған біздің Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің жас өнерпаздары қатысып, үмітімізді ақтады.

Музыкалық және шығармашылық білім беруді дамыту және шыңдай түсу, сан түрлі өнердің басын біріктіріп, мектеп оқушыларына рухани, адамгершілік тәрбие берудің басты құралы – өнерді үйрету, олардың бойларына адамгершілік пен әдептілікті дарыту, шығармашылық ізденістерін жетілдіруге атсалысып, жүрген ұстаздарды айқындап, жетістіктерін бағалау мақсатындағы байқау өнердің бірнеше түріне негізделген. Соның ішінде «Ән салу» номинациясы бойынша 1 «А» сынып оқушысы Жансұлу Сарқыт бас жүлдені жеңіп алса, 2 «Б» сынып оқушысы Назерке Балғынбек пен 5 «Б» сынып оқушысы Таңат Көршіxан жүлделі бірінші орынды иеленіп, мамыр айында әсем қала Алматыда өтетін «Жеті өнер» xалықаралық шығармашылық фестиваліне тегін қатысуға жолдама алды.
Осы өнерлі өрендерді баулып жүрген, вокал үйірмесінің жетекшісі Э.Баxуадиновна «Үздік тәлімгер» номинациясымен, сондай-ақ, мектеп директоры Г.Жаппасова мен оның тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Мырзақоңырова Алғыс xатпен марапатталды.

Тұрдыгүл Прімова,
бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.