Иммундау апталығы өтуде

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті екпелерге сенімділікті қалыптастыру және халық арасында вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін насихаттау мақсатында «Вакциналар әрекет етуде!» ұранымен иммундау апталығын өткізуде.

Қарағанды облысында сәуірдің 23-29 аралығында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – бекітілген мерзімде инфекциялық ауруларға қарсы егілмеген адамдарды, сонымен қатар, халықтың иммундау қиынға соғатын топтарын: көшіп-қонып жүрген балалар және ересектер, тұрғылықты мекенжайы жоқ тіркеусіз адамдар, саяжай мен шалғай жерлерде тұратын, вакцинациядан бас тартқан, медициналық қарсы көрсетілімдер және басқа да себептерге байланысты екпе алмаған адамдарды анықтау және вакцинациялаумен қамтамасыз ету.
Инфекциялық ауруға қарсы екпе жүргізу барысында бірнеше жұқпалы аурудың алды алынады. Иммундауға (вакцинаға) тәуелді аурулар (дифтерия, қызымық) бүгінгі күнге дейін тіркелген жоқ.
Жоғарыда көрсетілген мәліметті келтіре отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын иммундау апталығын пайдаланып, уақытында алынбаған екпе вакцинасын салдыруға шақырамыз.
Сәтбаев қалалық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы.

Комментарии закрыты.