Бүлдіршіндер топ жарды

Қаламыздың балғын бүлдіршіндері жеңіс тұғырынан көрінді. №22 «Құлыншақ» балабақшасы «Жұлдыздар» тобының кішкентай тәрбиеленушілері облыстық «Маленькая страна – 2018 г.» атты балалар шығармашылығы байқауында үздік өнер көрсетіп, жүлделі 1 орынға ие болды.

Байқау 21 сәуір күні Қарағанды қаласында өткен. Балабақшалар мен мектепке дейінгі оқыту орындарының тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған өнер додасында жерлестеріміз Нұрлан Асылжан мен Диас Оразбай «Шәмшіге арнау» әнін орындап, қазылар мен көрермендердің көңіліне жол тапты. Осылайша, өнерге қадам басқан өрендер алғашқы қадамдарын сәттілікпен аттады.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.