Кітап патшалығындағы мереке

Сәтбаев қаласындағы №3 мектепте Дүниежүзілік кітап мерекесіне орай «Кітап – асыл қазына» деген тақырыпта апталық өтті. Оған мектептің кітапхана меңгерушісі Г.Байгенжина ұйытқы болды.

Апталық кітап көрмесімен басталып, онда көрмеге қойылған әрбір кітап пен таңғажайып ертегілер кішкентай оқырмандарға таныстырылып, қызықты ертегілер оқылды.
Ал, 2-4 сыныптар арасында осы атаулы күнге орай тәрбие сағаттары, сайыстар өтті. Атап айтқанда 2-сынып мұғалімдері С.Татаева мен Ж.Байдильдина «Мың бір мақал», 3-сынып мұғалімдері С.Әлжанова мен Ж.Орынбасар мәнерлеп оқу сайыстарын, 4-сыныптар (Б.Құланбаева, Г.Қорғанбаева) «Кітап – рухани қазына» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Апталық соңында іс-шараға белсене қатысқан оқушыларға, оқулықтарын таза ұстаған сыныптарға «Кітап жанашыры», «Үздік оқырман»деген мадақтамалар тапсырылды.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.