Қыз өссе – елдің көркі

Жуырда, «Ақбаян» қыз-келіншектер отауы «Қазақ қызына лайықсыздар ма?» деген үлкен ауқымды тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Оған қазақтың қыздары мен жасөспірім ұлдары қатысты.

Тақырыпты толықтай қамту үшін «Әжелер» тобының ақ жаулықты аналары, дәрігер мамандар және полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылды.

«Қызға қырық үйден тиым», – деген тақырыптың қырын Қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің орынбасары Гүлнар Нүсіпбаева мен Күлия Даниханова апаларымыз тереңінен түсініктеме берді. Жақында Меккеге барып қажылық парызын өтеп келген Ағайша Садуақасова апамыз имандылық пен ибалық қасиетінің қазақ қызының бойында болуы құндылықтың бір бөлігі деп атап өтті.

Қыз балалардың бойындағы тазалығы жөнінде «Ахметова» отбасылық денсаулық орталығының маманы Әлия Сарсенбайқызы біраз мағлұматтарын ортаға салса, қазіргі таңда қыз балаларымыз ерте жүкті болып, жауаптылықты көтере алмай далаға баласын тастап кетуі, әдепсіз қылықтарды бойына ұялатып, темекі шегу, мезгілсіз жүріп әр түрлі әрекеттерге тап болуы сияқты келеңсіз жағдайлар мен түрлі құқық бұзушылықтар, өз құқықтарын қорғай білу, зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде Гаухар Қаппасқызы әңгімеледі.

Биыл «Жастар жылы» болғандықтан, жастарға осы мүмкіндікті пайдала отырып, жүзеге асыра алмай жүрген армандарына қол жеткізу мақсатында қадам басу орайында көмек қолын созатындарын айтып Жастар ресурстық орталығының маманы Жәйнаш сөз сөйледі.

Гүлнар Өтемісқызы,
«Ақбаян» қыз-келіншектер отауының жетекшісі.

Комментарии закрыты.