Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Елбасының шеші-мімен 2019 жыл Жастар жылы деп аталды. Бұл әрине жастарға деген үлкен сенім, жауапкершілік, жастардың өмір сүруін жақсартуға арналған бағдарлама деп атауға да болады.

Өсіп келе жатқан жастарды қалай тәрбиелеп өсіреміз, өмірге қалай дайындаймыз осының бәрі еліміздің болашағына, келешекте қандай ел боламыз соған әсер ететіні белгілі. Қазіргі уақыта орта арнайы және жоғарғы білім беретін мекемелер өте көп, осы оқу орындарын бітірген жастар өз мамандығымен жұмыс істеп жүрме, бұл да бір мәселе. Баспаналы болу адам үшін ең өзекті мәселе, баспанасыз күн кешу қашанда ауыр, осы жағдайда жастардың үй мәселесін шешу ең маңызды мәселе. Керек білімін алып, соған сәйкес мамандығымен қызмет жасап, үй-жайы болса, жас жанұя үшін ол бір бақыт емес пе. Жастар жылы бағдарламасы осы айтылған мәселелерді шешудің алғашқы кезеңі деп ойлаймын.

Қандай іс-шара болсын, бағдарламалар міндеттер болсын, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бәріміз бір кісідей жұмыс атқарсақ, әрқашанда алға баса береміз.

Иманбай БРАЛИН,
Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты.

Комментарии закрыты.