Татулық пен достықты насихаттады

№36 «Ақбота» балабақшасында Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мекемелермен бірлескен жоспарына сәйкес орыс халқының «Қызыл телпек» ертегісі үш тілде сахналанды.

«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, қазақ тілі – барлық қазақстандықты біріктіріп, жақындастырып, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді, ал, орыс тілін білу – байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан, біз оны үйренуге тиіспіз», деген Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзін ұстана отырып, балабақшамызда үштұғырлы тіл саясатын насихаттаудамыз. Орыс, қазақ және ағылшын тілінде өз рөлін еркін сомдаған бүлдіршіндерге ата-аналары қолдау көрсетті.

Балабақша басшысы Н.Сүйімбаева осындай шаралардың өтуіне әрқашан ұйытқы болып отырады. Ертегі арқылы татулықты, достық пен бірлікті насихаттаған балалардың көңіл-күйі көтеріңкі, қуанышқа толы болды. Мұндай шаралар балабақшамызда бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Келешекте де жалғасын таба бермек.

Г.ДИХАНБАЕВА,
М.ЖАНДАРБЕКОВА,
балабақша мамандары.

Комментарии закрыты.