Кеншілер қаласы да қалыс қалмайды

Ұлыстың ұлы күнін жаңаша форматта тойлауға Сәтбаев қаласы қызу әзірлік үстінде. Осы орайда арнайы медиа-жоспар да жасалып, тиісті мекемелерге таныстырылды.

Қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Дастан Төрегелдиннің айтуынша, наурыз мерекесі кеншілер қаласында да тұжырымдама шеңберінде аталып өтпек.

– Жоспарымызда тұжырымдамада көрсетілген барлық тақырыптарды қамтыдық. Өйткені, бұл шаралардың тәрбиелік һәм тағылымдық нәтижелері шығатын болады. Отбасын және қоғамды ұйыстыратын құндылықтар нығайып, елдің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қаламызды абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру деңгейі көтеріледі деп ойлаймыз. Қайырымдылық пен меценаттықтың мәдениеті қалыптасады. Жаппай санада оларды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Ұлттық бірегейлікті нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсету бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Ең бастысы, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі күшейтіледі, жалпы қазақстандық құндылықтар, эволюциялық даму мәдениеті қалыптасады және нығаяды, – дейді Дастан Рүстемұлы.
Бөлім басшысының айтуынша, соңғы жылдары Наурызды сахналық сипатта тойлау басым болып кетті. Бірқатар танымал этнограф ғалымдар осыны сынап, Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу мәселесін қайта қарауды ұсынған. Осыған байланысты Наурызды тойлаудың жаңа форматы әзірленіпті. Сол жаңа үлгідегі шаралар кеншілер қаласында жексенбі күні бастау алмақ. Бұл күні Достық үйінде «Амал деген айыңыз …», Ш.Ділдебаев атындағы мәдени орталықта «Оң болсын Ұлысың» деген концерттік бағдарламалар өткізіледі. Ал, «Жайлау күнінде» мектеп оқушылары қала көшелеріне ағаш отырғызып, серуен құратын болады. Осының арқасында өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениеті көтеріледі, дейді ол.
– Жалпы, әрбір атаулы күн өз тақырыбына сай танымдық және тағылымдық шараларға толы болады. Оған мектеп оқушылары да, қала тұрғындары да тартылып отыр. Бұл күндері әр адам мүмкіндігіне қарай бір жақсы іс жасайды. Сан алуан қайырымдылық акция ұйымдастырады. Шымырлық пен шеберлік күні ұлттық спорт шараларына арналса, 19 наурызда балалардың арасында зияткерлік ойындар ұйымдастырылады. Жоралғы күні салт-дәстүрлерді жаңғыртуға арналады. 21 наурызда ұлттық тағамның түр-түрі жасалса, 22-сінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады, – дейді қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Дастан Төрегелдин.

Комментарии закрыты.