Жас ақындар жырлайды

Абай атындағы №4 мектеп-лицейде оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға баули отырып, поэзия әлемінде қалам тартып жүрген мектебіміздің жас ақындарының өнеріне қолдау көрсету мақсатында «Ана – өмір шуағы» атты мүшәйра болып өтті.

Қатысушылар «Жаныма жақын жырларым» бөлімінде өз өлеңдерін оқыса, «Өлеңмен өрілген ой» кезеңінде ұяшық таңдау арқылы шығармалардың тақырыбы мен авторын табу
тапсырмасын орындады. Жас ақындарымыз өздерінің ұшқыр ойын, шапшаңдығын көрсете білді. Мүшәйра соңында талапкерлердің тіл байлығына, сөйлеу мәдениетіне сахнада өзін-өзі ұстауына мән берген қазылар алқасының шешімімен I орынды Сәбит Сағыныш иеленді. Жәнібекова Гүлбақыт пен Жақсылық Айгүл екінші орынға лайықты деп танылса, Дулат Гүлсая мен Асқар Нұрдәулет үшінші орынға тұрақтады. Барлық сайыскерлер мадақтамамен
марапатталды..

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.