Қайырымдылық қалтасы

8 Наурыз – Аналар мерекесі қарсаңында Достық үйінде қалалық меценаттар клубының төрайымы Меруерт Бақбергенова қайырымдылық шарасын өткізді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында жүзеге асырылған шарада көпбалалы 30 отбасына азық-түлік себеттері таратылды.

Әлемді жайлаған індет өршіген уақытта волонтерлік бағыттың дамуына күш салған М.Бақбергенова қайырымдылық шарасының алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

– Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы алыстай береді. Ата-бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден алыстамайық. Біз – халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғастыратын ұрпақпыз. Өмір тауқыметін шегіп отырған кемтар адамдарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға, зейнеткерлерге қолдау танытайық. Халқымыздың осы бір бағалы дәстүрін, жақсылық жасауды ұмытпайық! – дейді ол.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.