Жүлдегер атанды

Жазушы Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына орай Мәскеу қаласындағы Агния Барто атындағы Мәдени орталық «Барлық балалардың құрдасы» атты балалар шығармашылық фестивалін өткізді.

Бұл фестиваль көрнекті ақын және қоғам қайраткерінің шығармашылығына деген қызығушылықты дамыту және Агния Бартоның шығармашылығының эстетикалық және адамгершілік қасиетін ашу мақсатында ұйымдастырылды. 1964 жылы Агния Львовна бір топ мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерімен бірге Қазақстандағы орыс мәдениетінің онкүндігіне қатысты.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Елена Кучаева онлайн фестиваль өткізу ережесін ұсынған болатын.

– Біздің балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан №1 мектеп-гимназиясының 4 «Г» сынып оқушысы Аружан Аяпова осы фестивальге 2 номинация бойынша қатысып, бағын сынап көрді. «Балалар өлеңдерін оқитын бүкіл планетаны қарастырайық» номинациясы бойынша Агния Бартоның өлеңдерін оқитын балалардың қойылымдары ұсынылып, бағаланды. «Ол туралы қалың дәптер жаза алар едім» атты номинациясында балалар Агния Бартоның шығармашылығы туралы эссе жазды. Біздің оқырманымыз Аружан Аяпова «Ол туралы қалың дәптер жаза алар едім» атты номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды.
Аружанға шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.