Сұлулық пен парасат иелері

«Ақ отау» қыз-келіншектер орталығы жанындағы «Сырласу» клубы өз жұмысын бастады. Халықаралық әйелдер күніне орай қаламыздағы Достық үйінде Аналар кеңесімен бірлесе ұйымдастырылған «Сұлулық пен парасаттылық қазақ қызына тән қасиет» дөңгелек үстелі көптің көңілінде жүрген өзекті мәселелерге бағытталды.

Алғашқы сөз кезегін алған қала әкімінің орынбасары, орталық төрайымы Айгүл Төлендина ізгі лебізін білдіре келе ұлт болашағы қыздарымызға қатысты екендігін атап айтты.

– Әлбетте, қай уа­қыт­та болсын, қоғамның тірегі асыл аналар ғой. Баланың бойына ұлттық рухты дарытатын ананың ақ сүті, бесіктің жы­ры, ананың әлдиі. Ал, қалып­тас­ты­ра­тын тәрбие мен орта. Біздің сол бесік  жырымыздан да, әлдиімізден де ажырап бара жатқаны­мыз жасырын емес. Қыз – ұлттың ары, мөлдірлік сим­волы. Ежелден қыз тәр­бие­сіне ер­ек­ше көңіл бөлген халықпыз. Олай болса, құн­дылықтарды жандандыруды мақсат тұтқан, ибалы да ақылды қазақ аруларын үлгі қылатын «Сырласу» клу­бының жұмысына сәттілік тілеймін, – деді.

Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ батыстың тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. Осы орайда «Батыс мәдениетінің» дүниежүзіне таралған жайылмалы дерт екенін мойындағандай боласың. Осы мәселені өзек қылған отырыста «Ақ әжелер» ансамблінің мүшесі Ағайша Сәдуақасова пайымды пікір білдірді.
Қазақ қызы дегенде, құлағымызға шолпының сыңғыры келеді. Ата-салтын, әдет-ғұрпын ақыл-таразысына салып, ата өсиетін берік ұстанып, ана әлдиінен нәр алған, ұлттық үрдісімізді қатаң сақтаған бұрынғы қазақ аруларының бойындағы бар асыл қасиет қазіргі бойжеткеннің бойтұмарына айналуы тиіс. Көрік дегенді тек әсемдік, әдемілік деп түсінбейік. Көрікті де қылықты қыздарымыз ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдын кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы болуы керек. Мұнан ары сөз осы бағытта өрбіді.
– Барлығының түйіні бір тереңдік. Ол – ақыл, ол – парасат, ол – ұстамдылық. Бізден осы тереңдік табылса дейміз. Осылар үйлесім тауып, бір арнада тоғысқан кезде ғана адами бақыттың биігінен көрінуге болады. Қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осы қасиеттерді анамыз бойымызға сіңіріп өсірді. «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер қыз баланың сүйкімділігі, жанының нәзіктігі, талапты да алғырлығы, өнер-білімге бейімдігінен шықса керек. Қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлде болмайды. «Салақ әйел оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Олақтан салақ жаман», «Ана көрген тон пішер», «Қыз еркем – кестесімен көркем» деген мақалдар осыдан барып шыққан. Киім тігіп, кір жуып, дәмді тамақ пісіре білу, тазалықты сақтауды ұсақ-түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені, отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән-мәнісін арттыратын да осындай тірліктер, – деген Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, қалалық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Майра Жаппасбаева бұрым күтімі жайында кеңес берді.

Бесспорно, в нашей стране создаются условия для того, чтобы каждая из вас могла раскрыть свой творческий и профессиональный потенциал. Но сегодняшние реалии таковы, что в приоритете остается миссия женщины как хранительницы домашнего очага, верной спутницы жизни, и именно на женщину ложится ответственность за воспитание детей в семье. При этом очень важно, что такие ценности, как способность сопереживать, беззаветно любить и заботиться о близких, передаются от матери к дочери из поколения в поколение.
Пользуясь случаем, хочу выразить признательность представительницам женской половины сатпаевцев, всецело посвящающим себя самому ответственному и благодарному труду – материнству и воспитанию детей. Это, безусловно, достойно большого уважения – они дарят миру новую жизнь и воспитывают детей, отдавая им всю свою любовь, нежность и заботу, – отметил с трибуны аким, в конце своего выступления вручив награды виновницам торжества.
Указом Президента Республики Казахстан подвеской «Алтын алқа» награждена многодетная мама Еркеназ Дюсембаева, подвеску «Күміс алқа» из рук главы города получила Жанаркуль Кулшыбекова. За личный трудовой и творческий вклад в дело построения нового казахстанского общества, активное участие в общественно-политической жизни региона и города в числе других награждены: Актолкын Бегежанова, Айман Тусупова, Людвисе Шалнайте, Меруерт Кемалова, Меруерт Жанкельдиева, Самал Ибраева. По случаю 100-летия со дня создания в стране органов РАГС были также отмечены Раушан Кантеева и Алмаш Алимбаева.
В преддверии Женского дня прозвучавшие с экрана поздравления от мужчин и в исполнении звезд сатпаевской сцены концертные номера создали в зале непринужденную праздничную атмосферу.

Айгуль ТУТЕЕВА.
Фото автора.

Комментарии закрыты.