Бала қауіпсіздігі басты назарда

Өткен аптада қала әкімі Асқар Ыдырысовтың төрағалығымен қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдары, депутаттық корпус, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды. Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың және суицидтің алдын алу бойынша полиция және қалалық білім бөлімінің отбасы-тұрмыстық қатынастар бағытындағы жұмыстары туралы полиция бөлімінің есебі тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданып, жауапты органдарға тапсырмалар берілді.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.