«Еңбек» бағдарламасының бағыттары

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыспен қамту қызметтері тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты «Техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту». Бұл бағыттың мақсаты – жұмыссыздарды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету. Қысқа мерзімді оқуды бітірген азаматтар өз мамандықтарымен тұрақты жұмысқа жіберіледі. Қатысамын деп ниет білдірушілерге Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығына келіп, оқуға жазылуына болады.
Екінші бағыт «Кәсіпкерлікті дамыту» келесі міндеттерді іске асыруды қарастырады: кәсіпкерлік негіздерін оқыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, қалалар мен ауылдардағы несиелер/микрокредиттерді кепілдендіру. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға зор мүмкіндік беретін өтеусіз және қайтарымсыз 200 АЕК көлемінде Мемлекеттік гранттар алуға шақырамыз.
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағдарламаның үшінші бағыты жұмыспен қамтуға, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған.
Жастар тәжірибесі білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқа жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында 29 жасқа аспаған түлектер үшін ұйымдастырылады. Егер Сіз оқу орнын 2019, 2020, 2021 жылдары бітірсеңіз жастар тәжірибесіне қатысуға шақырамыз.
Біздің орталықта ұзақтығы 12 айдан аспайтын әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Бос орын пайда болған кезде қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
Алдын ала даярлықты талап етпейтін және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар қоғамдық жұмысқа қатысуға шақырамыз.
Біздің мекенжайымыз: Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі
148 үй.
Телефон: 7-01-71, 7-23-03.

Комментарии закрыты.