«Dw Stars» таланттардың
басын қосты

Қаламыздағы оқушылар сарайы «Dw Stars» атты ерекше сайыс өткізіп, жеңімпаз ұстаздарды анықтады.

«Балаға мейірімді оқушылар сарайы» жоспары негізінде «Шығармашыл ұстаз» бағытына арналып ұйымдастырылған «Dw Stars» сайысы дүйім жұрттың назарын аударды. Балаға мейірімді қала Біріккен ұлттар ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) 1996 жылғы екінші конференциясында жариялаған ауқымды бастама. Жобаның басты мақсаты – өміріміздің сәні, тіршілігіміздің мәні саналатын бүлдіршіндердің құқығын таптатпай, лайықты азамат ретінде өсіп-жетілуіне барлық мүмкіндіктерді тудыру. Осы бағытта барлық күштерді біріктіру болып табылады. Балаға мейірімді қаланың қазақстандық жобасы 2006 жылы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен дүниеге келді. Ол елімізде 2008 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Оған қолдау білдірген алғашқы қала Өскемен. Кейін Алматы, Сарань, Сәтбаев, Семей, Абай, Балқаш, Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Ақсай, Петропавл, Қызылорда, Астана қалалары қосылды. Бұл бастаманың негізгі принципі балаларды бәсекеге қабілетті ету, өз құқықтарын қорғау мен тәрбиеге толы құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамға баулуда жатыр. Ал, балаларды мұндай құндылықтарға тәрбиелеу тек ата-ананың ғана емес, ұстаздардың да мойнында болса керек. Мұны осы бағдарламаның «Шығармашыл ұстаз» атты бағыты дәлелдейді. Өнерді сүйген қазақтың дарынын дамытатын оқушылар сарайының ұстаздары бойындағы талантын көрсетті. Вокалдық білімі жоқ, яғни, өнерге қатысы жоқ мұғалімдер қатысты. Және ерекшелігі де осында жатыр. Сайыс 5 турдан тұрды, әр турдың өзіндік талаптары мен әннің жанрлары өзгеріп отырды. Мысалы, бірінші тур «Үнді және Шығыс әндеріне» арналса, екінші тур «Кино және мультфильм» жанры болды. Сонымен қатар, сүйікті «80-90 жылдар әндері» де көрермендерді тәнті етті. Осыған орай әр қатысушы жай ғана өлең айтып қоймай, киім стилімен де сыналды. Себебі сахна – киелі жер және ол киелі жерге өнер ғана емес, образ да маңызды екені анық.
Бірінші турда «Хореография» үйірмесінің жетекшісі Бектурова Жанна мен «Саз әлемі» үйірмесінің жетекшісі Сұлтан Бахтияр өнер көрсетті. Бұл жұп үндінің «Хатубба» әнін орындады. Екінші жұп «Фитнес йога», «Цветная галактика» үйірмелерінің жетекшілері Қияқбай Асқар мен Алибаева Аяулым өз өнерін ортаға салды. Олар үнді әні «Зуби Зубиды» орындады. Үшінші болып «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі Айнұр Ақжігітова және «Шабыт» үйірмесінің жетекшісі Аида Махамбетова сахнаға шықты. Бұл жұп «На Востоке» әнін орындады. Төртінші жұп «Логика» және «Хореография» үйірмелерінің жетекшілері Балкенже Рашитовна мен Гулжан Мукушева өлең айтты. Ал, бесінші болып көрерменнің көзайымына айналған Абай Хужаев мен Толғанай Оңғарбаева әсем әнімен бөлісті. Олар «Handmade» және «Работотехника» үйірмелерінің оқытушылары. Осы турдың шымылдығын «Ағылшын тілі» мен «Экоәлемнің» жетекшілері Гулфира Аяулина мен Евгений Соколовский жапты. Сайыс 50/50 қазылар алқасы мен көрермендердің инстаграм парақшасында лүпілін жинау арқылы бағаланды. Алғашқы турдың нәтижесі бойынша А.Қияқбай, А.Алибаева алға суырылып шықса, А.Хужаев мен Т.Оңғарбаева екінші орынды иеленді. Ал, А.Ақжігітова мен А.Махамбетова үшінші орынды еншілесе, Ж.Бектурова мен
С.Бахтияр төртінші орынға лайық деп танылды.

Әсем Абдраимова,
оқушылар сарайының директоры.

Комментарии закрыты.