Адалдыққа тәрбиелейді

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Абай атындағы №4 мектеп-лицейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс жасайды. Клуб осы қоғамдық дертке қарсы білім, ақпарат және шығармашылық, мәдени, көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жұмысты барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Оны болдырмаудың жолы қандай? Бұл сұраққа өткен жұмада ZOOM платформасы арқылы прокурор, 1 сыныпты заңгер Н.Есіркеп мағлұмат беріп, Заң талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, мектеп инспекторы, полиция майоры С.Тастағанов аталмыш дертпен күресу ҚР азаматтарының борышы екенін атап айтты.

Арнайы бейнебаяндар көрсетіліп, кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

Т.ПРИМОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.