12 сəуір– академик кадемик Қ.И.Сəтбаевтың əтбаевтың туғанына туғанына 122 жыл

Портрет алдындағы ой

Қолына алып жаңа әкелген тастарын,
Үңіледі зейін қойып жас ғалым.
Жанарының нұрын төге зерттейді,
Көрсем-ау деп құпиясын, астарын.

Бәрі ұмыт қап осы тастан басқаның,
Қызықтайды қызғылт сәуле шашқанын.
Зерек көңіл сезіп отыр мүлт кетпей,
Тағы да бір кен ошағын ашқанын.

Сол қуаныш жадыратып жас жанын,
Күлімдейді керіп қана қастарын.
Ел парызын қыран көңілі көтеріп,
Аралап жүр туған жердің аспанын.

Мұса Тілеу, кенші-ақын.

Комментарии закрыты.