Белсенді бой көрсетті

Көктем мезгілінде коронавирус қайта күшіне енуде. Бұған қоса әлемді жайлаған қауіпті індеттің мутацияға ұшырауы алаңдатуда.

Осыған орай, қаламызда жаппай екпе алу науқаны басталды. Сәрсенбінің сәтінде алғашқылардың қатарында биліктегілер де белсенді бой көрсетті. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина мен қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук азаматтық борышқа адалдық танытып, өзгелерге үлгі бола білді. Олар дәрігерлердің бақылауынан өтіп, сауалнамаға жауап берді. Мұнан соң мамандар екпеден кейінгі күтіну жолдарын түсіндірді.

«Вакциналау» жүйесі созылмалы аурулар туралы қосымша ақпарат енгізу үшін диспансерлік тіркеу, ауруханаға жатқызу, вакциналау, дәрігердің кеңесі және науқас туралы басқа да клиникалық мәліметтерді қамтиды. Бұл тармақ пациент денсаулығының жай-күйін бағалау үшін қажет. Ақпараттық жүйе вакцинаның егілгенін, оны ектірмеуді, сондай-ақ анықталған жанама әсерлерді тіркеуге мүмкіндік береді. Процедураға вакцина салатын дәрігер, медбике және тіркеуші, яғни, фармаколог дәрігер қатысады. «Вакциналау» бөлімінде пациенттің паспорты «алынды/жоспарланды/бас тартылды» деген вакциналау мәртебесі, жанама әсерлері, вакцинаның атауы, аурудың атауы деген мәліметтермен көрсетіледі. Жүйенің тағы бір пайдалы функциясы – вакциналау процедурасы аяқталғаннан кейін есептік мәліметтер: егілгендердің жалпы саны, жанама әсерлері анықталған пациенттер саны шығады. Қазір вакцинаның екі түрін – уақытша әкелінетін ресейлік және қазақстандық вакцинаны ектіруге мүмкіндік бар. Вакцина екі компонентті. Қорғаныш әсері бірінші дозадан соң 12-14 күннен кейін байқалады. Бірақ, толық иммунитет қалыптасу үшін екі доза қажет. Егер адам бастапқыда ресейлік вакцинаны ектірген болса, онда 21 күннен кейін сол препараттың екінші дозасын қабылдауы керек. Шетелге шығып, импорт вакцинаны ектіруге болады. Заң бұған тыйым салмайды. Бірінші компонентін алып, екпе жүргізілгеннен кейін 30 минут бақыланады. 3 күн уақыт аралығында моншаға баруға, суға түсуге, екпе салған орынға су тигізуге болмайды. Жаңадан преппарат қабылдауға, бұрын жеп көрмеген тамақтарды тұтынуға кеңес берілмейді. Спирттік сусын ішуге, темекі шегуге, физикалық жүктеме түсіруге болмайды. Осы уақытта жеке учаскелік дәрігер екпе алған адамның жағдайын бақылайды.
– Вакцинаны алу арқылы індетті жойып, бұрынғы өмірімізге келеміз деген ойдамын. Ешқандай теріс әсер байқалған жоқ. Жағдайым жақсы. Вакцинацияны халыққа дұрыс түсіндіру мақсатында келіп отырмын. Бүгінгі күн сәтімен өтті. Тұрғындарды ерікті түрде екпе алуға шақырамын, – деген Татьяна Ивановна вакцинаны қауіпті індеттен құтылудың ең тиімді жолы санайды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА .

Комментарии закрыты.