Қауіпсіздік ережелерін біліңіз

Өрттің қандай қасірет келтіретінін сіздер жақсы білесіздер. Тілсіз жаудың салдарынан баспана, ғимарат, мүлік отқа оранып, жарамсыз болып қалады. Адамдар зардап шегеді, күйікке үшырайды, жарақат алады, тіпті қаза табады. Адамдардың қаза болуының басты себебі көмірқышқыл оксидімен (улы газбен) улану болып табылады.

Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы, желінің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрт табиғи және апат салдарынан болуы мүмкін. Бірақ, оның дені адамның бейқамдығынан немесе дұрыс мән бермеу (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен ойнауы және т.б.) салдарынан болады.

Әрина, апат айтып келмейді. Сондықтан өрт болған кезде қалай іс-қимыл жасау керектігін барлық адамдар білулері қажет. Ол үшін мына төмендегі қағидаларды есте ұстаңыз.

Өрт шыққан кезде тез арада жағдайды байқау және дұрыс шешім қабылдау керек. Ол үшін үрейге бой алдырмаңыз. Мүмкіндігінше өрт ошағын тез арада сөндіруге күш салыңыз. Өртсөндіргіштерді қолданыңыз, отты сумен, құммен сөндіріңіз, кішігірім ошақарды қалың жапқыштармен бұқтырып тастаңыз.

Өртпен күресу және зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде сақтық шараларын есте сақтаныз. Сізге ауаның жоғары температурасы, түтін, улы газдың таралуы, ғимараттың құлауы аса қаупті болып табылады. Есте сақтаныз: егер де заттар 10 метр қашықтықта көрінбесе, түтін жиналуы өмірге өте қауіпті.

Егер де үйде (пәтерде) кішкентай болсын от ошағы шықса, су құйып немесе суланған ауыр матамен жабыныз. Жанып жатқан киім жабылған матамен сөндіріледі және де от көзін жою үшін жерге жатып домалау керек.

Жанғыш сұйықтықтарды көбік аралас құраммен сөндіру керек, құм немесе топырақ төгіп сөндіруге және ауыр матамен бұқтырып сөндіруге де болады. Бірақ, ешқашан жанғыш сұйықты сумен сөндіруге болмайды.

Ең бастысы, өрт шыққан жағдайда дереу 101 телефонына қонырау соғып, дұрыс мекенжайды және не жанып жатқаны туралы толық ақпарат беру керек.

М. Қарақойшы.
Сәтбаев қаласы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.

Комментарии закрыты.