30 отбасына «Ауызашар қоржыны» таратылды

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесу, мұқтаж жандарға қолдау көрсету қайырымдылықтың негізгі қағидаттарының бірі. Ал, қасиетті Рамазан айында тұрғындарға көрсетілген мұндай сауапты қолдаудың маңызы тіпті орасан.

Осындай сауапты істен Сәтбаев қаласы әкімдігінің қызметкерлері де қалыс қалмады. «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған бұл іске кала әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекеменің қызметкерлері бір күндік жалақыларын жинап, шаһардағы көмекке мұқтаж 30 отбасына арнайы ас мәзірі бар «ауызашар қоржыны» әзірленді. Олар қала әкімдігі қызметкерлерінің және еріктілердің көмегімен тізімдегі жандардың үйлеріне жеткізіліп берілді.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.