Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл біздің көп ұлтты қоғамдағы бірлікке, бейбітшілік пен келісімге үлкен маңызға ие болған, Қазақстан Республи­касындағы мазмұнды мерекелердің бірі.

Бәріміз де мемлекеттің болашағы, ең алдымен, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігіне баса назар аударамыз.

Біздің қалада әртүрлі ұлт өкілдері достық пен келісімде өмір сүреді. Достық үйінің жалғыз шаңырағы астында мәдениетті, тіл мен дәстүрлерді мұқият сақтауға және дамытуға ықпал ететін, этносаралық қатынастарды нығайтуға және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге зор үлес қосатын қалалық этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бірлікте, достықта және өзара сыйластықта ғана ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасының шынайы байлығы мен әл-ауқаты артады.

Құрметті жерлестер!

Бірліктің жарқын да қуанышты мерекесі халқымыздың жақсы дәстүріне айналды. Осы жарқын көктем күнімен қатар келген мерекедегі құттықтауымызды қабыл алыңыздар. Баршаңызға мықты денсаулық, бейбітшілік, келісім, толағай табыс және ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасына гүлдену тілейміз!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Комментарии закрыты.