Мен әжеммен мақтанамын!

Әжемнің қызығы мен қиындығы қатар жүрген өмір жолы мен үшін үлкен ерлік. Ұлы Отан соғысы басталған жылдары үлкен әжем Әйкен Мұхамбетжанова менің жасымда ғана болыпты. Тіпті менен де кішкентай. Бірақ, соғыс сол жастағы балаларды ерте есейтіпті. Қолына қару алып майданға бармаса да тылда еңбек еткен. Шөп тасып, масақ терген көрінеді. «Ол кезде тойып нан жесек қуанатынбыз. Бірақ ондай күндеріміз сирек болатын», – дейді әжем. Әйкен әжем көпбалалы батыр ана, тыл еңбеккері, асыл адам. Әр кез немере-шөберелеріне өзінің өмір естеліктері жайлы айтып отырудан жалықпайды. Бізге бейбіт өмірдің қиын жолмен келгендігі туралы түсіндіріп, елімізге, Отанға адал қызмет ету керектігін үйретеді. Мен әжемді үлгі тұтамын. Мен әжеммен мақтанамын!

Әлімжан Айтхожаев,
Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің 3 «Б» сынып оқушысы.

Комментарии закрыты.