Бірінші тоқсанды қорытындылады

Сәтбаев қалалық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ерлан Сексенов онлайн режимде «WhatsApp» мобильдік қосымшасы арқылы 2021 жылдың 1 тоқсанын қорытындылап, баспасөз конференциясын өткізді.

Ерлан Серікұлы күн тәртібіндегі сот жұмысы бойынша баяндама жасап, нақты деректер мен дәйектер келтірді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, азаматтық істер бойынша 2021 жылдың 3 айында 614 талап арыз келіп түскен, 468 іс қозғалып, 508 азаматтық іс аяқталған. Шешім шығарылған істер саны – 308, сырттай шешім шығарылғаны – 10, шығарылған сот бұйрығы – 60, өндірістен қысқартылғаны – 24, қараусыз қалдырылғаны – 109, соттылығы бойынша жолданылған азаматтық істер – 18. Есеп беру мерзімінің аяғында аяқталмаған істер саны 299-ы құрады. Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 1 азаматтық іс өзгертілген. 21 азаматтық іс медиацияны қолданумен қаралды. Ал, әкімшілік істер бойынша 210 іс келіп түскен. Оның 208-ы қаралып, 170-ы бойынша әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шықты. Әкімшілік жаза түрі ретінде айыппұл тағайындалған 80 тұлғаға қатысты 80 іс қаралды. Ескерту жазасы бойынша – 13, көлік құралын басқарудан – 7, ал, әкімшілік қамау жазасы – 70 іс қаралды. Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 3 әкімшілік іс өзгеріссіз қалдырылып, 1 қаулы өзгертілген, 2 қаулы күшін жойған. Бұдан бөлек Е.Сексенов қылмыстық істер бойынша ақпаратқа тоқталып өтті. 2021 жылдың 3 айында 65 тұлғаға қатысты 62 қылмыстық іс келіп түскен. Ал, 19 тұлғаға қатысты 19 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылса, 5 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. Іздеу салуға байланысты 4 іс прокурорға қайтарылып, 1 тұлғаға қатысты іс соттылығы бойынша жолданды. Сонымен бірге, 4 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іс бойынша сот үкімдеріне апелляциялық шағым түскен. 1 іс бойынша үкім өзгеріссіз қалып, 3 іс қаралу үстінде.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.