Өміршең туынды иесі

Достық үйінде қазақ музыкасын зерттеуші ғалым, сазгер, қазақтың тұңғыш дирижері, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.

Онлайн шарада колледж студенттеріне алдын ала жеке тапсырмалар берілді. Композитордың шығармаларын орындауға талпынып, үйреніп, зерттеп келген өнерпаздар бар өнерін онлайн ортаға салды. Слайд арқылы «Ақ көгершін», «Тәжік» биі орындалды.

Бұл шараны өткізудегі мақсат – Ахмет Қуанұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, таныстыру, өнерді сүюге, еңбекқорлық пен іскерлік дағдысынан үлгі алуға тәрбиелеу, жастардың эстетикалық талғамын дамыту.

А.Жұбанов ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында 15-шақты музыканттардың басын қосып, қазақтың ұлт аспаптар оркестрін құрды. Оған Құрманғазының есімі берілді. 1936 жылы алғаш Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.1949 жылы екінші онкүндігінде Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі үлкен абыройға ие болды.

Ойларын ортаға салған студенттер Ахмет Жұбановтың басшылығымен құрылған оркестрдің тарихы мен музыкасын зерттеді, мағлұматтар алды. Шара соңында белсенді қатысушыларды Достық үйі басшысының орынбасары Қарлығаш Мәдениетқызы арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Г.Нүсіпбаева.

Комментарии закрыты.