Жас ғалымдар бас қосты

Абай атындағы №4 мектеп-лицейде 2-4 сынып оқушылары арасында «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында «БАЙҚА, ЗЕРТТЕ, ТАЛДА» атты ғылыми жоба байқауы өтті.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірледі. Бұл жобада: «Тағы бір өзекті мәселе – экология саласы. Бұл – халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін өте маңызды сала. Бірақ, біздегі ахуал ойдағыдай деп айтуға болмайды. Сауалнама кезінде азаматтарымыздың 48 пайызы ғана экологиялық жағдайға көңіліміз толады деп жауап берген. Осыған орай, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бұл – жұртшылықтың талап-тілегін ескеріп дайындалған жүйелі әрі кешенді құжат. Сондай-ақ, кодекс озық халықаралық стандарттарға сай келеді», – деп айтты.

Осыған орай дүниеге келген бұл ғылыми жобаның мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Оқушылар ғылыми жобаны қорғау кезінде жұмыстың мақсатын ашып, тақырыптың өзектілігіне, қойылған мақсатқа жету әдістеріне, нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығына, жұмыстың негізгі қорытындыларына тоқталып, айта білулері керек.

Жобаның қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен К.Маканова, Д.Са­мар­ханова, К.Төлеубай, А.Бейсен, Н.Дулат, А.Сапар, З.Азаматқызы жүлделі орындарға ие болды.

Т.ПРИМОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.