Парасат жолы

Қаламыздағы №7 мектептің «Парасат жолы» алаңында бұл жолы журналист Батырбек Мырзабеков қонақта болды.

Мектепте адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба жұмысын жасауды бастаған болатын. Ондағы мақсат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Батырбек Тыныштықбайұлымен кездесу-сұхбат сәтті өтті. Ол кісі оқушыларға адалдық жайлы түсіндіріп кетті.

– Адалдық дегеніміз достыққа адал болу, Отанға адал болу. Дос­тыққа адал болу дегеніміз досың бір нәрсеге душар болса оған көмектесуің қажет. Достықтың екі түрі болады. Олар адал достық және амал достық. Адал достық дегеніміз досың жыласа жұбатып, ал, қуанса оның қуанышына ортақтасу. Амал достық дегеніміз – досың жыласа қашып кетсең, ал, қуанса қуанып, бірақ, тек ақшасы үшін жүресің. Ақшасы таусылған кезде тастап кетесің. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымас­тық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады, – деп атап айтты. Кездесу барысында Батырбек Тыныштықбайұлы өзара түсіністік, құрмет пен сенімді оқушылардың бойына сіңіре білді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.