Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді бүкіл адамзат қауымына аса қымбат мереке 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Биыл аталар ерлігі мен аналардың маңдай терінің арқасында келген Ұлы Жеңіске – 76 жыл.

Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек.

Сіздер сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, «Отан» деп от пен суға түсіп, кең байтақ жерді қорғадыңыздар. Егемен елі барда ерлер есімі ешқашан өшпейді. Жауға атой салған мыңдаған қазақ жастары сол кездің өзінде-ақ Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Солардың қатарында Ұлытау-Жезқазған жерінен шыққан жерлестеріміздің бары біз үшін мақтаныш. Отты жылдардағы жерлестеріміздің даңқты ерліктерін ұмытпай, ұлықтау – парызымыз.

Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздер жасаған ерлік ешқашан өшпейді. Ол ұрпақтар есінде мәңгі сақталады.

Сіздерге зор денсаулық, ұрпақтарыңызға жарқын болашақ, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметпен,
Бауыржан Шыңғысов,
«NurOtan» партиясы» «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы
Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Комментарии закрыты.