Дәрумендер

Әлісіздік байқалып, көру қабілетіңіз нашарласа, А дәруменін (сәбізде, қызанақта,көк бұршақта), жүйкеңіз жұқарып, шашыңыз түсіп, тырнақ сыну байқалса В дәруменін (пиязда, шпинатта, горохта), ағзаңызда зат алмасу процесі нашарлап, буындарыңыз сыр беріп жатса С дәруменін (картопта, орамжапырақта, салаттарда, бұрышта, редискада) пайдаланыңыз!

Дұрыс ұйқы. Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтап, түс уақытында мүмкіндік болса, бір мезгіл мызғып алғаныңыз жөн.

Отырған жеріңізде шам жағып қойып, бөлмеңізге қуатты шамдарды қойғаныңыз дұрыс. Әрине, қолдан жасалған жарықтандыру күн сәулесін алмастыра алмайды, бірақ бұлтты күні ең дұрыс шешім осы болмақ.

Гардеробыңызда ашық түсті киімдер мен аксессуарлар көбірек болсын. Сарғыш түсті көйлек немесе орамал күйзеліспен тамаша күресе алады.

Мандарин немесе басқа да өзіңізге ұнайтын май қосылған хош иісті ванна қабылдаңыз. Бұл көңіл-күйіңізді көтеріп, сергітеді.

Көбірек қимылдаңыз. Физикалық белсенділік мұндай сәттерде таптырмас көмек болмақ.

Көктемнің жаймашуақ күндерінде барлық сырқат пен әлсіздіктерді артқа тастап, қыр гүліндей құлпырып, жадырап жүре беріңіз!

Комментарии закрыты.