Көктемгі әлсіздікті қалай жеңуге болады?

Әдетте бізге көктем мезгілінің басы нашар көңіл-күйді әкеледі. Оған қоса, осы маусым ағзамыз мүмкіндіктерінің шегіне жеткендей болып, жанымыз бен тәніміз бір сырқатқа душар болып жатады. Неге әр көктем сайын осылай болады? Не істеуге болады? Бұның себептері қандай?

Көктем адам ағзасынан көп күшті алып қоятындықтан, біздің иммунды жүйеміз жұқарып, дәрумен қорын тауысады, ал оларды қалпына келтіру қиын. Міне, әлсіздік пен сырқаттар қайдан келеді. Қыстың суығында үйде көп отыруға тырысып, аз қимылдаймыз, көктем келісімен бірден пайда болатын қимылдардан солғындық пен селқостыққа ұрынамыз. Қар еріп, ауа райы өзгеріп жатқанда, адамдар қан қысымының төмендеуі мен бас ауруларынан зардап шегеді. Оған қоса, күніне сан рет құбылатын ауа райы бар: жаурайсыз, терлейсіз, жел тиеді, суық тигізіп аласыз.

Көктемгі шаршау авитаминозға да байланысты болады. Көктемде жемістер мен көкөністер құрамындағы барлық пайдалы дәрумендер мен қосылыстар бұзылады, тіпті зияндылары да пайда болады. Сондықтан, қыстан қалған алма мен сәбіз авитаминозбен күресе алмайды.

Буындар мен бұлшық еттеріңізге назар аударыңыз! Көктемде буындар сырқырап, ескі жаралар мен созылмалы аурулар сыр бере бастайды. Қанша сақтансаңыз да, суық жел сізге жетпей қоймасы анық. Бұлшық еттер мен буындар көктемде ерекше күтім мен қамқорлықты талап етеді. Дәріханаларға бас сұғып, арнайы майлар мен жылытатын кремдерді және ауруды басатын гельдерді алып қоюға кеңес береміз.

Комментарии закрыты.