Қазақ елінің тұғыры биік

Аңсатқан тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толып отыр. Азаттыққа қол жеткізу қаншалықты қиын болса, оны сақтап қалу да, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп кету де соншалықты қиын.

Осы 30 жылда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін мойындату жолында көп іс жүргізді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы одағының негізін қалап, барлық Тәуелсіз мемлекеттердің аяққа тұруына септігін тигізді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Елбасымыз мұнымен шектеліп қалмай, еліміздің конституциясын, ұлттық валютамыз бен рәміздеріміздің негізін қалады. Саясатта дамыған елдер қатарына қосылуға көптеген жұмыстар жасады. Қазақстан-2030 стратегиясынан бастап, Қазақстан-2050 сынды бағдарламаларды іске асырды. «Экспо-2017» болашақ энергиясын ұсынған көрме еліміздің тәуелсіздігін одан да мықты ете түсті. Алайда жаһандану заманында Елбасымыз ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұсынды. Осы бағыт аясында рухани-мәдени істер жүзеге асырылды. Одан бөлек ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, саясат салаларынан бөлек мәдениетке жіті назар аударуда. Біз, студенттер, Тұран университетінде Гүлжан Тулекова апайымызбен мәдени-әдеби кештерді ұйымдастыруға белсене атсалысып жүрміз. Біз тәуелсіздігімізді сақтап қалуда әлі де көп жұмыстар істелу қажет екенін ұғындық.

Ф.Бектурова,
Тұран университетінің 2-курс студенті.

Комментарии закрыты.