Ұрпақ жадында

Болашақ ұрпаққа Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғындыру мақсатында Сәтбаев қалалық мемлекеттік архиві №1 мектеп-гимназия қабырғасында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбында тарихи сабақ ұйымдастырды.

Сабақ барысында құжаттарды жинақтау бөлімінің басшысы Мереке Маженова тарихтан сыр шертіп, оқушыларды мұрағатта сақталған құжаттармен таныстыр­ды. Сондай-ақ, Отан қорғау жолында жанын құрбан еткен боз­дақтардың қанды шайқастағы ерлігі жайында баяндады. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы кең мағлұмат берілген шарада Кеңес Одағының батырлары жайлы әңгімелер, естеліктер айтылды. Оқушылардың тіл байлығын, ойын, мәнерлеп оқу дағдысын ұштау мақсатындағы сабақта ардагерлер ерлігі үлгі етілді. Отансүйгіштік, елжандылық, батылдық жайлы кеңінен сөз болды. Осыны ұғынған балалар өз кезегінде осындай тарихи сабақтардың берер пайдасы мол екендігін тілге тиек етті.

– Рухани азық алдым. Өте пайдалы деп ойлаймын. Тарихты ұмытпауымыз керек, – деген пікірін білдірді 9 сынып оқушысы Көркемай Достаева. Осы ойға басқа балалар да қосылды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.