Ресми іс қағаздар тілі

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны – қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.

Тіліміздің мәртебесін асқақтату – әр ұлт өкілінің міндеті. Сондықтан да басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың баға жетпес мұрасы тіл екенін сезіндіру үшін, Тіл заңының орындалуына № 25 жалпы білім беретін мектептің ұжымы ерекше көңіл бөледі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Мектептің жұмысы және бұйрықтар, басқа да іс-құжаттарын екі тілде жүргізу жалғастырылып жатыр. Мектеп ішінің безендірілуі екі тілде жасалған, сыныптардың рәсімделуінің талаптарға сай екендігі тексеріліп, екі тілді ұстанады. Әр дүйсенбі сайын саптық жиындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мемлекеттік тілде орындалады.

Тіліміздің қанатын кеңге жаюына, қарыштап дамуына, өрістеуіне үлес қосатын еліміздің балғын ұрпақтары. Орыстілді мектепте мемлекеттік тілді жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Қазақ тілінің қанатын кеңге жаю мақсатында «Дүйсенбі күні қазақша сөйлейміз!» деген ұранмен әріптестер мен оқушылар дүйсенбі күні тек қана мемлекеттік тілде тілдесуді қолға алған. Мектебімізде тілге байланысты өткізілетін іс-шараларға ұстаздар қауымы да белсене атсалысады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін мектеп ұжымы жаңа оқыту әдістері арқылы білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуде жұмыстарын әлі де жалғастыра бермек.

Манат Акпарова,
№ 25 мектеп мұғалімі.

Комментарии закрыты.