Шаршы алаңның шаңын шығарды

Ұлы Жеңіс күніне орай «Аяла» еріктілер тобы футболдан шағын турнир ұйымдастырды. Ондағы мақсат – жастарға патриоттық тәрбие беру, спортқа ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Дені сау ұрпақ – ұлттың баға жетпес байлығы. Сондықтан, әрбір жастың спортты жанына серік етіп, сергек те саналы болуы ләзім.

Жасөспірімнің жалынды жастығы – жарқын болашағының көрінісі. Шара осы мақсатты түйген. Біріншіліктің ашылу салтанатында «Аяла» ерік­тілер тобының өкілдері барша қатысушыларды салауатты өмір салтына дағдылануға шақырып, спорттық турнирлерде төбе көрсетуін тіледі. Шара кезінде қатысушы командалар таныстырылып, жарыс жолына шықты. Шаршы алаңның шаңын шығарған додаға 15 команда қатысты. Нәтижесінде «Сәтбаев» құрамасы бірінші орынды жеңіп алып, «Аяла» чемпионы — 2021» атанса, «Қарсақбай» жастары – екінші, «Сарыарқа» жастары үшінші орынға лайық деп табылды.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.