Ардагерлер ерлігі дәріптелді

Тәрбиеленушілерді адам­гершілікке, Отанын сүюге, қорғауға баулу мақсатында «Айналайын» бөбекжайында Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өткізілді.

Бөбекжай басшысы А.Касымова, қазақ тілі маманы А.Кадырова, ән-күй жетекшісі Л.Вафина және топ тәрбиешілері осы шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысты. Балаларға Ұлы Жеңіс күнінің ең маңызды мерекелердің бірі екендігі түсіндіріліп, бейнетаспа ұсынылды. Батыр бабаларымыз туралы мағлұматтар берілді. Ардагерлер ерлігі дәріптелді. Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың есімдері ұлықталды. Сахналық көрініс қойылып, хореграфиялық қойылым тамашаланды. Мерекелік кеш «Бейбіт күн тілегі» әнімен аяқталды.

В.Курманхожаева,
бөбекжай әдіскері.

Комментарии закрыты.