Көрерменсіз конкурс көңілден шықты

Ұлы Жеңіс күніне орай карантиндік шектеулерге қарамастан игі шаралар жалғасын тапты. Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы жанындағы мәдениет және шығармашылық орталығында «Жеңіс әндерін бірге шырқайық!» әскери патриоттық әндер фистивалі өткізілді.

10-25 жас аралығындағы 13 үміткер бақ сынасқан байқау көрер­менсіз, тек әділқазылардың қатысуымен өтті. Қатысушылардың шығармашылық мүмкіндігін айқындап, кәсіби шеберлігінің артуына қолдау білдірген өнер додасында мәдениет және шығармашылық орталығының дыбыс режиссеры Талғат Боранов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлбану Шахманова, балалар өнер мектебінің мұғалімі Татьяна Река қазылық жасады. Нәтижесінде Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушысы, “Сазды әуен” творчестволық бірлестігінің тәрбиеленушісі Аружан Иманалиева бірінші орынды жеңіп алса, №16 мектеп оқушысы Ботакөз Кәрім –екінші, №2 Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушісі Севара Ахмиддинова үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар арнайы дип­ломмен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.