Отбасы құндылығы дәріптелді

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Достық үйінің қызметкерлері сырласу кешін ұйымдастырды. Оған екі отбасы қатысты.

Үш бөлімнен тұратын мере­келік іс-шарада отбасының құндылығы, бала тәрбиесіндегі маңызды факторлар, ата-ананың міндеті мен қамқорлығы жайында әңгіме өрбіді. Алдымен семинар-тренингтен бастау алып, екінші бөлімде түрлі сұрақтарға жауап берілді. Ал, үшінші кезеңде ерлі-зайыптылар арнайы сырласу бөлмесіне кіріп, бір-біріне деген шынайы сезімдерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдіруге мүмкіндік алды. Осылайша отбасы құндылығын дәріптеген Дәуітовтер және Әбішевтер жанұясы Мақтау қағазымен марапатталып, сый­лық­тарға ие болды.

Халқымыз қашан да қара шаңырақтың беріктігі мен қазақы тәрбиеге ерекше мән берген. Отбасын ынтымақ пен бірліктің ордасы деп санаған. Бүгінде әр шаңырақ бұл қағиданы берік ұстанып келеді. Дегенмен, жаһанданудың әсерімен болып жатқан өзгешеліктер де сезіледі. Қысқа уақытта сан алуан өзгеріске ұшырап жатқан қоғамда отбасы құндылықтарын сақтап қалу аса маңызды. Бұл ретте ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беру керек. Себебі, өнегелі ұрпақ тұлға болып қалыптасуға ұмтылады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.