Құрметті өнер қызметкерлері, мәдениет саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер халқымыздың мәдени мұрасын сақтау, жаңарту және дамытуда қажырлы жұмыстар жүргізудесіздер. Мәдениет сарайындағы, кітапханалардағы, өнер мектебіндегі, көркемсурет студиясындағы күнделікті қызметте біздің қоғамның рухани байлығы мен дәстүрлерін сақтап, насихаттау үстіндесіздер. Сіздер көрерменге жандүние байлығын, рухани жаңару сыйлайсыздар. Сіздердің қатысуларыңызбен әр іс-шара сәтті өтіп, қаланың мәдени өміріндегі маңызды кезеңге айналады. Қажырлы еңбектеріңіздің арқасында кеншілер шаһары маңызы бар мәдени орталыққа айналуда.

Күрделі эпидемиологиялық жағдай өмір тәртібін өзгерту үстінде.

Алайда, сіздер көрермендермен өзара әрекеттесудің басқа форматтарын ойдағыдай игеріп, дамудың жаңа мүмкіндіктерін аштыңыздар.

Құрметті достар! Сіздердің кәсібиліктеріңізге, сұлулыққа деген сүйіспеншілікке және осы махаббатты өзгелерге де ұялататын өнерлеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік, бақыт пен өркендеу тілейміз! Әрқашан жаңа шығармашылық жеңістер мен жетістіктер шабыттандыра берсін!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Комментарии закрыты.