Қоғамдық бақылау жүргізілуде

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі және Агенттіктің азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Сәтбаев қаласы әкімі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Әкімшіліктің ресурстары шектеулі екендігін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар азаматтық қоғам белсенділерімен, әсіресе қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесіп қызмет көрсетуші мекемелердің мемлекеттік қызметті көрсету сапасына тұрақты негізде қоғамдық бақылау жүргізуді жалғастыру және жандандыру қажеттігін атап айтқан жөн.

Осыған орай, аталған бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру және жетілдіру мақсатында, үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау, оның ішінде қала деңгейінде қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғам белсенділерін тарту бойынша ұйымдастыру жұмыстарының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Бұл ретте қоғамдық бақылау жүргізу кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушыларға тиісті түсіндірме беру мәселесін де қарастыру орынды деп санаймыз.

Айына кемінде бір рет Мемлекеттік корпорация филиалы Сәтбаев қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінде, Мемлекеттік кірістер басқармасында, Жұмыспен қамту орталығында, ашық әкімдік (Open akimat) ғимаратында қоғамдық бақылау жүргізілуде.

Азаматтарды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланды (Сәтбаев қаласының әкімдігінің ресми сайты – satpaev.gov.kz). Кестеге сай Сәтбаев қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың сұрақтары бойынша штаттан тыс кеңесшісі А.Қыдырбеков әр дүйсенбі сайын 11:00-13:00 сағат аралығында әкімдік ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізеді. Қабылдауға жазылу нөмірі: 8 777 513 81 06.
Сонымен қатар, қоғамдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу кезінде кездесетін кедергілер, күрделі мәселелер мен кемшіліктер анықталған жағдайда оларды шешу бойынша ұсыныстар қоғам белсенділерімен бірлесе әзірленуі қажет екенін атап кеткен жөн.

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық технологиялар мен стандарттар бөлімі.

Комментарии закрыты.