Дәстүрлі құндылықтар

Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр. Ғасыр басындағы қарулы қақтығыстар жиі орын алған Ауғанстан, Ирак, Израиль-Палестина аймақтарындағы террактілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына алуы ориенталисттік бағыт ұстанушылардың «ислам терроризмі» теориясын іс жүзінде дәлелдеп бергендей болды. Бұл жағдай Қазақстандағы діни экстремизмнің табиғатын айқындай түседі. Өйткені, тәуелсіздік алғаннан кейінгі діни жаңару халықтың басым бөлігінің исламға бет бұруы ата дінімізге үлкен сұраныс туындатты. Кеңестік кезеңдегі діни мамандар дайындаудың тоқтатылуы, сәйкесінше қажетті мамандардың жетіспеуі ұлты, ұстанымы басқа шет елдік ислам мамандары мен уағызшыларының елге ағылуының басты себептерінің бірі болды. Мұндай уағызшылардың арасында радикалды бағыттағы, экстремистік көңіл күйдегі («Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат», уахаббилер т.б.) топтардың өкілдері болды.

Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі болып табылады. Мұндай сайттарды екіге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, кейбір сайттар мұсылмандардың қысымға ұшырауы, әсіресе АҚШ, Еуропа, Израильдегі мұсылмандар туралы ақпараттар, қанға бөккен адамдардың суреттерін, бейне-материалдарды ашық көрсету арқылы күллі әлемді мұсылмандарға жау ретінде көрсетуге ұмтылады. Сондай-ақ, сайттағы түрлі шейхтардың уағыздары бейне-жазба түрінде таратылады. Уағыздарда зайырлы биліктің исламға жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген пікір мейлінше дәлелді айтылып, оларға бағынбауға шақырылады. Мұндай ақпараттар сауаты төмен, өзін мұсылман санайтын адам санасында қысымдағы мұсылмандарды құтқару мен халифат сипатындағы мемлекет құруға қатысу, қажет болса, құрбан болу туралы ой туындатады. Өз ойын сайтта берілетін жихадқа шығу, шахид болу туралы хадистер мен аяттар арқылы нығайтып, өзгермес ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналдырады.

Кейбір сайттар адамды бірден қарулы жихадқа шығып, зайырлы билікті құлатуға шақырмайды. Олар зайырлы билік немесе өзге діндегілер туралы сыни пікірлер білдірмейді. Мұндай сайттардың сыртқы безендірілуі де тек исламға арналған ақпараттық портал түрінде берілуі мүмкін. Олардағы басты мақсат мемлекетте ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінді бөлшектеуден басталады.

Берілген сайттардың ортақ ұраны «Таухид – бұл мақсат, ал жихад – оны жүзеге асыру жолы», «жихад әркімнің жеке міндеті» деген ой. Бұл ой ашық немесе жасырын түрде мейлінше белсенді түрде таратылады, таңылады. Өзге елге жихадқа аттанып өлім құшқандар мен өз елінде экстремистік идеяларды таратып түрмеге қамалғандар саны артты.

Қазақстанда соңғы 5 жылда 14 теракт болғаны тіркелген. Осы өткен терактілер салдарынан 90 адам қаза тауып, 50 адам әр түрлі жарақат алды. 2016 жылы екі айдың ішінде Ақтөбе мен Алматы қалаларында 37 адам қаза тапты. Қазіргі кезде теракттердің жиілеп кетуінің бірден-бір себебі — діни сипаттағы ақпараттың дұрыс таралмауынан. Мамандардың айтуы бойынша, адамдар діни мәліметтер мен ақпараттардың 73% веб-сайттар арқылы алады. Оған қазіргі кездегі киберқауіпсіздік мәселесін де жатқызуға болады.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) соңғы мәлімет бойынша, Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлады. Осы Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда 120-сы ер адам, 250-ден астамы әйел және 500 бала барын айтты.

Ақтөбеде болған жантүршігерлік оқиғалар қо¬ғам¬ды тағы да қобалжытты. Жалпы бұндай оқиғалар Ислам дініне көлеңке түсіргені анық. Әлемдік ауқымдағы тұжырымдарға талдау жасап көрсек, дүниежүзінің, оның ішінде отандық та бұқа¬ралық ақпарат құралдары «Ис¬лам – террордың діні» деген сыңа鬬дағы біржақты пікірге бейім тұрады. Шындығында, Ис¬лам – бейбітшілікке, татулыққа шақы¬ратын дін. Өкінішке қарай, қазіргі жағдайдың өзі сол: дін мәселелерінен хабары жоқ кей адамдар әлгіндей жантүршігерлік істерге барып, өздерін таза исламдамыз деп жариялаған азғантай топтардың әрекетінен дәстүрлі мұсылман қауымы сондай екен деп жатады. Шын мәнінде, олар дәстүрден алшақ салафия-ваххабия ағымының өкілдері. Көпке топырақ шашуға болмайды. Кей азаматтар Ислам дінінің сақал қою, хиджаб кию тәрізді сырт келбеттік сипаттарын құптамайды. Бірақ, дұрыс түсініңіздер, оның бәрі дәстүрлі дін туралы білімнің аздығынан жасалатын тұжырымдар.

Теріс ағымның жетеꬬшілері радикалды идеологияны олардың санасына айдай анық ақиқат ретінде құя біледі, сендіре білетіндері сонша, олармен ешкім таласпайды да. Бұл Құранның кейбір аяттарын бұрмалап түсін¬діру жолымен жүзеге асырылады. Діни терминологияны бұр¬малап түсіндіру діндар адамды ақида мәселелерінде әбден шатас¬тырып, таухид, иман, күпірлік, мазһаб, масих және ширк ұғым¬дары туралы түсінігін тас-талқан етеді. Сонымен қатар, орта¬ғасырлық мұсылмандықты қайта жаңғыртуға бағытталған уто¬пиялық ұмтылысқа бейім тұрады. Идеологиялық өңдеуге алынатын құрбандардың әлеуметтік портреті қанша уақыт өтсе де өзгерген емес – олардың бәрі дұрыс діни сауаты жоқ жастар (17-30 жас).

Сол себепті, мұндай мәселені шешу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі болмақ. Бір ұлттың діни ұстанымдар негізінде бөлінуі салдарынан тұтас мемлекеттердің тұрақтылығы шайқалғандығын тарих көрсетіп берді. Аталмыш мәселенің алдын алу кезек күттірмейтін шара. Діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауатты болу үшін белгілі-бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, қазақ тарихына үңілген кез-келген адам қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын көреді. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрдің ислам шарттарына қарсы келмейтіндігін, тіпті үндесіп тұратындығын байқау үшін де асқан сауаттылықтың қажеті жоқ. Жалған діндердің, экстремистік топтардың белгілерін ажырата алу дағдысы қалыптасқан адамда радикалды идеяларға қарсы «ақпараттық иммунитет» қалыптасады.

Келесі мәселе осындай радикалды топтардың қатарына қосылмау үшін не істеу керек? Жалпы мұсылман бауырларымызды жат ағымдағы жандардан қалай ажырата аламыз? Қазақстан территориясындағы барлық мешіттер ресми тіркелген заңды тұлға болып табылады, олар Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының филиалдары болып есептеледі. Мешіттен басқа жерлерде, жабық орындарда діни уағыздар тыңдауға, дәрістерге қатысуға болмайды. Көбіне оқу орталықтары немесе қайырымдылық қорлары болып қайта жасақталған пәтерлерде осындай сабақтар оқытылады. Дәл сондай жерлерде жамағатты маргинализациялау процесстері жүреді. Егер адамның діни сенімін өзгертсе, ол моральдық тұрғыдан дәстүрлі ислам дінін ұстанатын мұсылмандарға, христиандарға, буддистерге және .т.б. қатысты қандай да болмасын дискриминациялық қимылдарға дайын болады. Яғни, оларда дәстүрлі исламның қағидаттарына сыймайтын шыдамсыздық сенімі пайда болып, олардың «дұрыс» сенімдерін түсінбейтін біздің қоғамның «субъектілеріне» деген қарама қарсы қатынастары басталады. Ал енді басына орамал таққан, сақалын өсірген, балағын кескен адамдардың барлығын бірдей адасқан ағымдар мүшесі деп айту мүлде дұрыс емес. Ол тіпті адамгершілікке де жатпайды. Әрине, ондай адамдарға күдікпен қарауға болады, дегенмен алдымен олармен сөйлесіп, арнайы сұрақтар қойып, олардың берген жауабына қарап отырып байқауға болады. Егер жат ағымның мүшесі болса, онда оларға адасып жүргендіктерін жұмсақ мінезбен, хикметпен айтып түсіндіру керек, ғылыми тұрғыда көздерін ашу керек. Мешіттерде, кездесіп жатсақ, оларға «кітапқа жүгініп қарайық, көрейік, талдайық» деп кеңес беріп, шақырамыз. Ал «сен уахаббитсің, сен салафисің» деп табалау – наданның ісі. Бұл жерде өте абай болу керек.

М.Тайжанов,
«GIBRATTAN — KZ» ҚБ теологі.

Комментарии закрыты.