Білім шыңын бағындырған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы жеңімпаздарын құттықтады.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында басталып, өзге облыстар ZOOM платформасы арқылы қосылды. Қарағанды облысы командасын Қарағанды облысы білім басқармасы басшысы Г.Қожахметова марапаттады. Республикалық кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2-ші орын алған С.Сейфуллин атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Линара Вафина осы құрметке ие болғандардың қатарынан көрінді. Ол зерек, қабілеті зор, жан-жақты оқушы. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақмарал Мейрманова. Ол Линараның бастауыш сыныптан тілге деген қабілетін анықтап, қазақ тіліне деген қызығушылығын оятты. Ол түрлі тілдік сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, қазақша ауызекі сөйлеу тілін дамытты. Қазіргі кезде ол математика пәнінің мұғалімі мамандығын таңдап отыр. Болашақта қазақ сыныптарына сабақ беруді мақсат етеді. Линара мен ұстазын жеңісімен құттықтаймыз. Білім шыңын бағындыра беріңіздер!

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.