Субұрқақта шомылу – қауіпті

Әңгімеміздің басында біз індеттің ілмегіне ілінгендердің қатарында мектеп жасындағы балалардың бар екенін айттық. Қаланың бас санитар дәрігерінен оның себебі мен салдарын сұрауды да ұмытқан жоқпыз.

– Коронавирус инфекциясына шалдығу ЖРВИ-ға ұқсас. Қазір күн ыстық. Ересектер түнемелік терезелердің желдеткішін ашып тастайды. Терлеп келген балаға тез суық тиіп қалады. Бұл біріншіден. Екінші жолы – балмұздақ пен суық сусындар. Бұлар баланың тамағын ісіріп, иммунитетін төмендетеді. Үшінші бір себеп, қазір балалар орталық алаңдағы субұрқаққа шомылуды әдетке айналдырып алды. Оған ересектер де, әкімдіктегі жауапты қызметтің мамандары да қой деп жатқан жоқ.

Субұрқаққа шомылу өте қауіпті. Ондағы су өз ішінде айналып тұрғандықтан, тазартылып, залалсыздандырылып тұрған жоқ. Түрлі кеселдер мен сырқаттар сол арқылы жұғады. Тіпті, бала менингит ауруына да ұшырауы мүмкін. Сондықтан, ата-аналар бұған жауапкершілікпен қарап, баланың денсаулығын ойлағандары жөн, – деп ескертеді Гаухар Жалмурзина.

Қаланың бас санитар дәрігері жаз уақытында балалардың мейлінше далада жүргені дұрыс екенін де айтады. Бірақ, сақтық шараларын қатаң сақтағандары жөн. Ең әуелі бала даладан келген соң мұрыны мен тамақ қуысын қайта-қайта тұзды сумен шайып, беті-қолын кір сабынмен жуып отыру керек, дейді ол.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.