Иммундық қорғанысымыз қалыптасқан жоқ

Коронавирус инфекциясының таралуын тежеп, індеттен арылуымыздың бірден бір жолы – екпе алу. Бұл бүгінгі күннің нөмірі бірінші жұмысына айналды. Қазір қалалық емханада арнайы екпе кабинеті жабдықталып, жұмыс істеуде. Сондай-ақ, арнайы медбибі мен дәрігер-маман ұжым бойынша екпе алуға ниет білдірген мекемелерге шығып жүр.

– Әйтсе де, қалада иммундық қорғаныс толық қалыптасқан жоқ. Мамандардың пайымдауынша, жергілікті тұрғындардың 60-70 пайызы екпе алған жағдайда ол жерде иммундық қорғаныс қалқаны қалыптасады екен. Кейбір шет мемлекеттер халықтың 70-80 пайызына екпе салып, шектеу шараларын алып тастады. Біз де осындай бағытта жұмыс жасауымыз керек. Екпе – елдің саулығы үшін жасалып жатқан сақтық шаралардың ең бастысы, – дейді Гаухар Шәріпқызы.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының берген ақпаратына сүйенсек, қала бойынша екпенің алғашқы компонентін 5360 адам алыпты. Мұның сыртында 610 «Қазақмыс» корпорациясында еңбек етіп жүрген жандар бар. Ал, екінші компонентін алғандар саны 2958 адам. Сонда бас-аяғы 9 мыңдай тұрғын ғана екпе алыпты. Мамандар айтқан иммундық қорғаныс қалқанының бұл ширегіне де жетпейді екен.

– Бүгінгі күнге дейін бізге жеткізілген екпе 6300 доза. Алдағы уақытта тағы да көп мөлшерде екпе келетін болады. Сол кезде қала халқын жаппай егу жұмысы қолға алынбақ. Әрине, бұл ерікті түрдегі шара. Сонда да болса біз қалалықтарды бұл іске түсіністікпен қарауға шақырамыз, – дейді сандәрігер.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.