Құрметті балалар! Қымбатты ата-аналар!

Сіздерді жыл сайын бүкіл әлемде жаздың бірінші күнінде аталып өтетін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!

Балалар – өміріміздің жалғасы, ел болашағы. Әр баланы махаббат пен мейірімге шомылдырып, дені сау және бақытты етіп өсіру, сапалы білім беріп, қабілетін дамыту – біз үшін өте маңызды.

Қаламызда пәндік олимпиадалардың, түрлі байқаулардың, фестивальдар мен жарыстардың жеңімпазы атанған талантты балалардың көптігі қуантады. Біз олармен мақтанамыз. Балалардың дені сау және бақытты болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқан ата-аналарға, өз жұмысының сипаты бойынша және жүрек бұйрығымен балалардың өзін-өзі тануына және оқуда жетістікке жетуіне атсалысып жүрген мұғалімдерге ризашылығымызды білдіреміз. Балалардың күлкісі толастамай, базарлы шаңыраққа айналған көпбалалы отбасыларға ерекше алғыс айтамыз.

Құрметті достар! Әр бала сүйіспеншілік пен үйлесімділікте өмір сүріп, үлкендерден қамқорлық пен мейірімділікті сезінсе екен дейміз. Баршаңызға бейбітшілік, бақыт пен жақсылық тілейміз!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Комментарии закрыты.