Мерейін тасытты

Қала кәсіпкерлерінен құралған меценаттар клубының мүшелері қаламыздың қоғамдық жұмыстарынан, сауапты істерден қалыс қалған емес. Аталған ұжым Халықаралық балаларды қорғау күнінде де әдеттен жаңылмады.

Мереке күні кәсіпкерлер ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталықтың тәрбиеленушілеріне тәтті толтырылған себеттер жеткізді. Клуб төрайымы Меруерт Бақбергенова мұндай бірлескен сауапты істер қамкөңіл балалардың мерейін тасытып, ерекше күйге бөлейтінін жеткізді.

Орталықтағы әлеуметтік қызметкерлер ерекше балалардың мекенжайын аралап, күтім жасайды. Сонымен қатар, арнайы ем-шаралар мен жаттығу, массаждар осы орталықта жүргізіледі. Қазіргі уақытта арнайы орында 19 штаттық қызметкер жұмыс істейді. Күтімге зәру 74 бала тіркелген. Мерекелік сыйлықтарды карантиндік талаптарға байланысты әлеуметтік қызметкерлер үйді-үйге жеткізді.

Жыл басында қаламыздың жомарт жандарынан құралған меценаттар клубы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» жобасын қолға алған болатын. Айта кету керек, бұл ұйымның аталған бастама аясында атқарған жетінші шарасы.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.