Құрметті сәтбаевтықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі. Ұлттық бірлікті нығайтуға, қазақстандықтарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді. 1992 жылдың 4 маусымында тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Бүгінде республикамыздың рәміздері бүкіл әлемге танымал, еліміз үшін мақтаныш сезімін тудырады, әрқайсымызды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Мемлекеттік рәміздер кез-келген мемлекеттің азаматтары үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін үлкен маңызға ие. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран – біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген терең құрмет көзі.

Құрметті жерлестер! Мереке құтты болсын!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихат хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Комментарии закрыты.