Жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел дайындау үшін ақы төлеу

Сәтбаев қаласы Полиция бөлімі көші-қон қызмет тобы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру шеңберінде 2021 жылғы 19 мамырда ІІМ «АӨО» РМК мен «Kaspi Bank» АҚ арасында мерзімділік санаттары бойынша «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» және «Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы ресімделген жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындау үшін төлемді қабылдау қызметін көрсетуге шарт жасалғанын хабарлайды.

Осыған байланысты , халықтың назарына электрондық өтінімдер бойынша жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел дайындау үшін төлемді «Kaspi.kz» мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болатындығын хабарлаймыз («Төлемдер – мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар, салықтар – құжаттарды дайындауды жеделдету» – санаты).

Сәтбаев қаласының
Полиция бөлімі, көші-қон қызмет тобы.

Комментарии закрыты.