Ішкі істер органдарына қызметке түсетін үміткерлерді іріктеу ережелері өзгерді

Ішкі істер органдарына қызметке түсу үшін іріктеудің жаңа тәртіптерін реттейтін Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына толықтырулар 2021 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.

Қазіргі уақытта полиция органдарына қызметке қабылдау конкурс негізінде іске асырылады. Конкурс рәсімі облыстық аумақтық ІІ органдарында өткізіледі. Үміткерлер конкурс өткеннен кейін тағылымдамашы ретінде тағайындалып, Қазақстан Республикасының ІІМ білім беру мекемелеріне алғашқы кәсібилік дайындыққа жолданады. Оқуды үздік аяқтағаннан кейін лауазымдарға 3 айлық сынақ мерзіммен тағайындалады, ол аяқталғаннан кейін ғана алғашқы арнайы атақтары беріледі.

2021 жылдың 1 қаңтарынан конкурстық іріктеу аға және басшылық құрам лауазымдарына ІІО қызметке түсу кезінде – бас маманда және басшылық буындарға сақталады.

Қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарына ІІО қызметке түсу (полицейлер, тергеушілер, жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары және т.б.) алғашқы кәсіби дайындықтан кейін жүзеге асырылады.
Үміткерлерді іріктеу бойынша жұмысты ұйымдастыру аумақтық органдардың кадр қызметтеріне жүктеледі. ІІО қызметке түсу іріктеуіне қатысуға ниет білдірген азаматтар сертификат алғаннан кейін Қарағанды қаласы Ерубаев көшесі 37 мекенжайы бойынша облыстық Полиция департаментіне жүгінуі қажет, оларға кадр қызметінің қызметкерлері бос лауазымдар бойынша біліктік талаптарды түсіндіріп, қажетті құжаттардың тізімін береді. Өзімен бірге жеке куәлік, бар білімдері туралы құжаттар, әскери немесе тіркеу билеттері болуы қажет. Содан кейін оларды қалалық, аудандық аумақтық органдарға рәсімдеу үшін, қажетті құжаттарды тапсырған соң – медициналық және психологиялық тексеруден, полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдайды.

Жоғарыда көрсетілген рәсімдерді аяқтағаннан және жеке ісін дайындағаннан кейін, үміткер Қазақстан Республикасының ІІМ білім беру мекемелеріне кәсібилік алғашқы даярлыққа жолданады (Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе академиялары), оның ішінде денешынықтыру дайындығының нормативтерін тапсыру және сұхбаттасу кіреді. Іріктеуді үздік өткен үміткерлер ІІМ оқу орындарының тыңдаушысы ретінде қабылданады. Тағылымдамашы ретінде тағайындау негізі болып қабылдау туралы бұйрық саналады. Тыңдаушыға тағылымдау мерзіміне лауазымдық еңбекақысының мөлшері төленеді.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларды дайындыққа жолдаған аумақтық органдардың кадрлары сынақ мерзімісіз, алғашқы арнайы атақпен лауазымға тағайындайды.

Жаңа ережелермен құжаттарды қабылдау 2020 жылдың желтоқсанынан басталды.
Қызметке түсудің жаңа ережелері қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарына кәсібилік алғашқы даярлық арқылы конкурсты және сынақ мерзімдерін алып тастау жолымен жеңілдетіліп, қызметке түсу үрдісін қысқартуға мүмкіндік берді.

Байланыс телефоны:
871063-3-36-94
871063-3-44-83

Комментарии закрыты.